logo
Артем Авдеенко: «Барлығымыз бір адамдай тартыстық»

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы ойынын тоқтатты. Соңғы матчта біздің команда кесте көшін бастаған Словакиямен кездесті. Екінші кезеңде Сергей Старыгиннің ойыншылары есеп теңестіріп, жеңіске жетуге бар мүмкіндіктері болды, алайда алаң иелері алға шықты. Турнир қорытындысын ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында турнирдің Қазақстан құрамасындағы үздік ойыншысы Артем Авдеенко қорытындылады.

- Артем, словактармен жақсы матч өткіздіңдер, үшінші кезеңде есеп теңесті, соңы неге болмай қалды?

- Соңында салқынқандылық жетіспеді, сәттілік бізге серік болмады. Біздің екінші гол ойынның барысын бұрды. Жігерлене, белсене түстік, екінші тынысымыз ашылды, алға ұмтылып, бірден үшіншісін салдық. Әрбір матчта біз қарсыласқа соққыны аямадық, тек сәттер уыстан шығып кетті.

- Бұл – мансап жолыңдағы алғашқы әлем чемпионатың. Мұндай тәжірибеге қандай баға бересің?

- Бұл менің мансап жолымдағы алғашқы әлем чемпионатым, мол тәжірибе алдым, біз халықаралық деңгейде ойнаудың қандай болатынын көрдік.

- Бұл командалармен алғаш рет ойнадыңдар, қарсыластар туралы не айтасың? Ең ауыр болған қай матч және неліктен?

- Кімнің қандай орын алғанына қарамастан, барлық командалар теңдей. Барлығы жаңа матчқа шығып, барын салды, барлық командалар шебер ойнады, өте ауыр болды. Әрбір қарсылас таблоғаға қарамастан, соңына дейін тартысты.

- Команданың турнирдегі үздік ойыншысы атандың, қандай әсердесің?

- Жақсы әсердемін, команданың әрбір мүшесі үздік ойыншы атануға лайықты, барлығымыз бір адамдай тартыстық, әр матчқа бір мақсатпен шығып, өзімізді дәлелдедік. Кей жерлерде жолымыз болмады.

- Соңғы матч турнир кестесіне әсер етпеді, қысым жоқ кезде ойнаған оңайырақ па?

- Соңғы ойын ешнәрсеге ықпал етпеді, біз мұзға шығып, тартыстық, чемпиондарды жеңіп, босқа келмегенімізді дәлелдегіміз келді. Қысым жоқта ойнау оңайырақ, ешнәрсеге тәуелді болмайсың.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ