Канадаға қарсы матчтың үздік ойыншысы шабуылшы Аркадий Шестаков болды. Форвард турнирдегі өзінің алғашқы голын салды. Ойыннан кейін хоккейші өткен кездесуге қатысты Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында пікір білдірді.
- Өте шебер және жылдам команда, оған қарсы ойнау қиын болды. Мұзға шығып, тәжірибемізге сүйене ойнадық, кей жерлерде артық пас берулер болды, қозғалыс тудырып, соның арқасында оларды тұзаққа түсіріп отырдық, бірінші болып салып, ұтымды сәттер тудырдық. Алайда олардың қарсы шабуылдары жақсы, жылдам әрі қауіпті болды.
- Үздік ойыншы атандың, сен үшін мұның маңызы қандай?
- Турнирдегі алғашқы голымды салғаныма қуаныштымын, оның үстіне, Канада құрамасына қарсы салдым, бірден матчтың үздік ойыншысы атандым. Маған көмектескен командаластарымды атап өткім келеді. Оларсыз гол сала алмас едім, Паша Акользин жақсы пас берді, тек салу ғана қалды.
- Словакияда жастар көп, командаға қандай баға бересіз?
- Ертең видеоны қараймыз, олардың қалай ойнайтыны сол кезде белгілі болады. Меніңше, бұл чемпионатта барлығы өте белсенді ойнайды, қорғаушыларды састырып, шайбаны іліп әкетуге тырысады.
- Сіздерді жанкүйерлердің қалай қолдағаны естіліп тұрды, тіпті неміс жанкүйерлері де сіздерге қолдау көрсетті ме?
- Иә, неміс жанкүйерлері келіп, біздің жақсы ойнағанымызды айтты. Матч өткен сайын жанкүйерлеріміздің артып келе жатқаны бізді қуантады.
- Канадалықтардың артық құраммен тамаша ойнайтыны көрініп тұр, алайда оларды аластату мүмкін емес пе?
- Иә, олар жақсы қимылдады және біз оларға сәл ілесе алмай жаттық, соның салдарынан да аластатуларымыз болды. Кем құраммен үш гол өткізіп алдық, меніңше, бұл көп. Кем құраммен өте сақ ойнап, азырақ өткізу керек.
- Оның үстіне, бірінші кезеңде қатарынан үш рет артық құраммен салды.
- Бір голды артық құраммен салғанымыз жақсы болды, осы сәтте белсенді қимылдап, шайбаны іліп әкетіп, тартыстық, Паша жақсы пас беріп, шайба өтіп кетті.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ