logo
7 ноября 2025
Антон Васин: «Қарсыластың ығына жығылмауды сұрадық»
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Антон Васин Ресей жастар құрамасына қарсы өткен ойынға пікір білдірді: - Ойын жақсы болды, ұйымдастырушыларға рақмет. Жанкүйерлер де, музыка да өте керемет. Қарсылас туралы айтсақ – шеберлігі жоғары жігіттер, ҚХЛ мен ЖХЛ-де ойнайды. Бірақ біз жасқанбадық, әр кезең сайын қарқынды арттырып отырдық, үшінші кезеңде жеңдік. Соңында алтыншы ойыншымен гол соқтық. - Қарсылас құрамындағы ҚХЛ ойыншылары мұз айдынында ерекшеленді ме? - Федеров көзге түсті, Магнитогорскіден білемін. Үзіліс жасау, бір жерден пас беру, кейде біздің аймақта «қысым жасаған» сәттері болды. Әрине, ҚХЛ ойыншыларын бірден байқауға болады. - Ойынның сәтсіз басталуы немен байланысты, алғашқы 10 минутта үш гол жіберіп қойдыңыздар? - Күтілген жағдай еді – қызу ойын болады деп ойладық, өйткені олар өз айдынында ойнап жатыр, жанкүйерлер қолдайды. Бұл туралы алдын ала айттық. Үш гол да ең жылдам голдар емес, мұндай матчтар көп командаларда болады: қатарынан үш шайба жіберсе, ойын тоқтап қалатын кездер бар. Біз жігіттерден қарсыластың ығына жығылмауды, өз хоккейімізді ойнауды, жүгіруді, күресуді, шабуыл жасауды, қақпаға өтуге тырысуды тапсырдық. Ең бастысы – есепке қарамау, әрбір жекпе-жекте, әрбір микроматчта, әрбір күрес сәтінде жеңіске жету. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ