logo
22 мая 2021
​Антон Сагадеев: «Күрделі ойынға дайындық үстіндеміз»

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчтарын Латвия құрамасына қарсы өткізеді. Командамыздың шабуылшысы алдағы кездесу туралы ойымен бөлісті.

- Керемет көңіл күйдемін! Бұл мен үшін ТОП-дивизиондағы алғашқы чемпионат, сондықтан бұл ойынды асыға күтемін. Латвияны аса бақылаған емеспін, алайда кеше канадалықтарды жеңгенін білемін. Біз Латвияның мықты қарсылас екенін және онда бір емес, бірнеше әлем чемпионатында ойнаған тәжірибелі жақсы ойыншылардың көп екенін бұрын да білетінбіз. Алайда біз күрделі ойынға дайындық үстіндеміз.

- Қарсылас бірінші матчын өткізді, ал сіздер 13 мамырдан бастап ойнамадыңыздар, бұл артықшылық па?
- Аса айырмашылық жоқ, олардың ойынға араласып үлгергені, біздің әлі ойнамағанымыз аса маңызды емес. Алғашқы ойынды біз асыға күтіп отырмыз, сағындық, құлшынысымыз ұрып тұр. Бұған мән берудің қажеті жоқ деп санаймын.
- Боб Хартли – Латвия құрамасының бас бапкері. «Авангардпен» ойынға ұқсас болады деген күтіліс бар ма?
- «Авангардпен» ұқсас қандай да бір стиль болады деп ойламаймын, себебі әрбір бапкер команда ойынын белгілі бір құрамдағы ойыншыларға қарай құрады. Мұнда мүлдем бөлек команда болатын сияқты. Бір білеріміз: олар жақсы, жылдам хоккей үлгісін көрсетеді. Қазір барлығы солай ойнайды, оған тірелмейміз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ