Бірінші арна кубогінің Беларусь және Қазақстан құрамалары арасындағы матчы (4:1) аяқталғаннан кейін біздің команданың бас бапкері баспасөз конференциясы барысында матчқа қатысты пікір білдірді:
- Алғашқы екі кезеңде Беларусь құрамасы бізден жылдамырақ қимылдады, алайда бізде де оп-оңай гол өткізген сәттер болды, үшінші кезеңде екпін қостық. Жігіттер қозғалыстың, белсенділіктің есебінен аластатылды, өкінішке орай, жетер жеріне жеткізу ақсады. Сондықтан матчты овертаймға айналдыра алмадық.
- Панюков, Орехов, Маклюков, Акользин сияқты ойыншылар топ-клубтарға өтті. Қазір олардың деңгейіне қандай баға бересіз?
- Олар өтіп жатқан кезде клубтар бір деңгейде болды. Ал прогреске қатысты айтар болсам, жігіттер өсіп келе жатыр, төселіп келеді. Алайда Валера Ореховті алсақ, соңғы кезде ойын тәжірибесі аз болып жүр, Кирилл Панюков «Ақ Барс» үшін аса көп ойнап жүрген жоқ. Бұл жігіттер өз командаларында белгілі бір рөлді атқарады. Гол салу деген міндет тұрған жоқ, Паша Акользиннің өзінде сәл-пәл басқа міндет, ол онысын жақсы атқарып жүр. Ал құрамада сәл басқалай. Жігіттер, әрине, өседі, Маклюков бүгінде төселген.
- Ресеймен матч қаншалықты маңызды болмақ? Құрамын зерттедіңіз бе?
- Құраманың ойындары мұзға шыққаннан кейін міндетті түрде жеңуді талап етеді, еліңнің намысын қорғайсың, аяқасты матчтар деген болмайды. Бүгінгі ойын да, келесі ойын да маңызды болады. Құрам бойынша әрине тізімді қарадық, мықты жігіттер, жас әрі қызықты құрама.
- Биылғы маусымда Никита Михайлиске не болғанын түсіндіре аласыз ба?
- Мұны дөп басып айта алсам ғой, барлығы ойдағыдай болмай жатыр. Бір ойым, соңғы екі жылда ол Волк пен Лилльямен ойнады, биылғы маусымда оған жөнді үйлесім таппай жатырмыз, әлде ол бейімделе алмай жатыр, себеп осыда сияқты.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ