logo
28 мая 2021
​Андрей Шутов: «Кей сәттерде бізге сәттілік жетіспеді»

Канадаға қарсы матчқа Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы өзгеріс енгізді. Оның ішінде қақпашылар шебі де өзгерді. Бұл жолы қақпада Андрей Шутов ойын көрсетіп, голкипер 32 соққыға тойтарыс берді. Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында голкипер өткен ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

- Андрей, Канадамен матчта дебют жасау қалай болды?

- Иә, алғашқы рет ойнап, дебют жасадым. Аса қатты қобалжу болған жоқ, ойынға бірқалыпты кірдім. Ол Канада ма, басқасы ма, бәрібір.

- Сейвтердің қайсысы жақсы болды?

- Ешқайсысы. Біз жеңілдік, жеңсек бір жөн, атап көрсетер едім.

- Қақпаңның жанындағы команда ойынына қандай баға бересің?

- Жақсы ойнады, қауіптерді сейілтті, барлығын көрдім. Кейбір сәттерде бізге сәттілік жетіспеді, кей жерлерде рикошет, кедергілер болды. Алайда бұл енді канадалықтардың шеберлігі және біздегі сәтсіздік. Сәл сәттілік болғанда, біз жеңер едік.

- Канадалықтар сіздер күткен үмітті ақтды ма?

- Біз бұған дайын болдық, кей сәттерді жүзеге асыруда сәті түспеді, өте жақсы ойнадық.

- Бірінші кезеңде дегенмен жақсы сейв болды, канадалықтар екі жақтан келе жатты, неліктен бұл жаққа ойыстың?

- Көк сызықтан бортқа тигенде-ақ мен ойыншының төменге жіберетінін және қақпа алдына көтеретінін білдім, сондықтан алдын ала осылай қимылдадым. Бастысы іркілмеу керек болды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ