Бүгін Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты болды. Қазақстан ерлер құрамасы бір матч өткізіп, Швецияға қарсы ойында ірі жеңіске жетті (9:2). Ең нәтижелі ойыншы – 7 (2+5) ұпай жинаған шабуылшы Андрей Буяльский Sports.kz-ке берген сұхбатында ойыннан алған әсерімен бөлісті.
- Андрей, алғашқы жеңіспен құттықтаймын! Ойын басталғанда екі шайба өткізіп алдыңдар, ойынға кірісуге уақыт керек болды ма?
- Иә, басында өткізіп алдық және бұл оңай емес. Жинақталып, басқаша ойнау керектігін түсіну қажет болды.
- Соққыны боратқандарыңа қарамастан, есепті соңында теңестірдіңдеп, қарсылас жақсы қорғанды ма?
- Иә, қарсылас расында жақсы ойнады. Біз өз сәттерімізді жүзеге асыра бастадық та, ойнау жеңілдеді.
- Швеция командасы бойынша не айтасың?
- Қарсылас команда лайықты ойын көрсетті. Қорғанысы мықты, жақсы ұйымдастырылған.
- Шульга мен Мусоровпен жақсы үйлесесіздер, егер Максиммен ойнаған болсаңыз, Николаймен алғаш рет. Алайда өзара іс-қимыл тамаша, жылдам төселдіңіздер ме?
- Иә, Колямен біз расында осы турнирде алғаш ойнадық, алайда тез тіл табыстық. Максим мен Коля – тамаша командаластар. Барлығымыз бір-бірімізді емеуріннен түсінеміз.
- Спорт сарайы, мұз, атмосфера, жағдайы туралы не айтасыз? Сендерді шағын қалашыққа орналастырғанын білемін.
- Спорт сарайы – тамаша, мұз да керемет. Ойынға барлық жағдай жасалған. Қала шағын – мегаполис емес әрине, алайда барлығы әдемі. Трибуналардағы атмосфера – тамаша, көрерменнің қолдауын сезінеміз, бұл бізге күш береді. Мұнда барлығы ойластырылған, біз тек ойынға бар назарымызды салып, артық істерге алаңдамаймыз.
- Сарыарқамен келісімшартың желтоқсанда аяқталды, қазір сен құрамадасың, маусым соңына қандай жоспарың бар?
- Иә, Сарыарқамен келісімшарт аяқталды, қазір студенттік құрама турнирі мен ұлттық команданың алдағы турнирлерінде бар назарым. Ал маусымның қалғанына жоспарым бойынша: қазір алдағы жоспарларымды агентіммен талқылап жатырмын. Алдағы уақытқа не ұсынатынын көреміз. Әзірге ештеңе айта алмаймын.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ