Хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Франциядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды. Сосын құрама Анже қаласында өтетін бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Жасөспірімдердің жаттықтырушылар штабына «Барыстың» және Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Алексей Кузнецов кірді. Ол ҚХЛ-дың алғашқы маусымында елорда командасының бірінші нөмірлі қақпашысы болған. Кузнецов жас қақпашылармен алғаш рет жұмыс істеп жатқан жоқ. Бұған дейін Минск пен Астанадағы турнирлерде ойыншыларды жаттықтырды. Қазір Алексей Омбының «Авангард» академиясында жұмыс істейді. Белгілі қақпашымен Bassport.kz тілшісі сұхбаттасты.
- Алексей, жасөспірімдер құрамасына жаттықтырушы ретінде кім шақырды?
- Мені Корешков шақырды. Ол мен балалардың шеберліктерін шыңдауға ниетін бар ма деп сұрады. Мен қуана келістім. Жалғыз мәселе – Омбының «Авангард» академиясындағы» жұмысым еді. Дегенмен, басшылық жағдайды түсініп, жарыстарға жүріп тұруға келісті. Осыған дейін екі турнирге бардым. Енді, әлем чемпионаты үшіншісі болмақ. Балаларға көмектесуге қуаныштымын. Оның үстіне, ойыншы және бапкер ретінде тәжірибем бар. Енді жұмысты жалғастырамыз, әлем чемпионатына дайындаламыз.
- Бұл жұмыс қай жағынан қызықтырды?
- Жігіттердің қарқындары жаман емес. Екі Владимир бар. Біреуі –Истомин және Никитин. Сондай-ақ Руслан Какенов турнирде бізбен бірге болады. Болашағынан үміт күттіретін жігіттер жетіп артылады. Әрине, физикалық дайындықтарын, техникалық шеберліктерін жетілдіретін тұстары бар. Хоккейде көп нәрсе қақпашыға байланысты.
-Балалар мектебіндегі команданың арнайы қақпашылары бапкері жоқ. Ал жасөпірімдер арасында барлық категорияға бір ғана маман. Бұл қаншалықты дұрыс?
-Жасөспірім командада қақпашылардың бапкері бар. Ол мектепте жұмыс істейді. Бірақ барлық жаттығуға қатыса алмайды. Аптасына екі-үш барып тұрады. Маусым бойы жігіттермен байланыстық. Арасында талқылау жүргіземіз. Әрбір жаттықтырушының қақпашыларға қатысты өзіндік көзқарасы, талаптары бар. Дәл қазір олардан бірдеңе талап ете алмаймын. Әзірге жаңа жаттығу процестерін көрсеттім. Жігіттер тырысып, үйренуден кетәрі емес. Сондықтан прогресс болады деп ойлаймын.
-Бапкер ретінде алғаш тәжірибеңіз бірден құрамадан басталды. Бұл қаншалықты маңызды?
-Әрбір жаңа ойын, жаттығу, қақпашылармен әңгіме – мен үшін жаңа ақпарат. Олармен сөйлесу арқылы өзіме байлам жасаймын. Кейде жаттығу процесін өзгерту қажеттігін түсінемін. Сосын мен бұл жұмыстан ешқандай ақша алмаймын. Тегін істеймін.
-Тәжірибе үшін келістіңіз бе?
-Әрине, өз жинаған тәжірибемді көрсеткім келеді. Қазақстанда бәсекеге сай қақпашылар шыққанын қалаймын. Қазақстан құрамасында ойнағаңыз әсер етті? Әрине, мен Қазақстанда дүниеге келдім. Ұзақ жыл «Барыс» пен «Сарыарқа» сапында өнер көрсеттім. Енді біздің соңымыздан еретін қақпашылар шыққанын қалаймын.
-Омбыда қазақ қақпашылары бар ма?
-Біздің академияда 2007 жылы туған Данай Шайықов деген қақпашы бар. Оны құрамаға кандидат ретінде қарастырғанбыз. Бірақ ол әлі болашағын анықтаған жоқ. Яғни Қазақстан мен Ресейдің қайсысын таңдайтынын шешуі тиіс. Данай Омбыға келгенде ешкім емес еді. Екі жылдың ішінде деңгейі өсті. Қазір команданың негізгі қақпашысы. Былтыр өз құрадастары арасында Ресей чемпионы атанды. Жақында түзілген рейтингте Ресейдің қақпашыларының арасында үшінші орында тұр.
-Ол «Азия балалары» турнирінде Қазақстан қақпасын күзетті ғой…
-«Азия балалары» турниріне барып қайтты. Құрама сапындағы алғашқы тәжірибесі болатын.
-Жаңа қазақ қақпашыларының буыны туралы не ойлайсыз?
-Даму бар. Болашағынан үміт күттіретін жас қақпашыларды байқауға болады. Бір кездері Өскеменнен қаншама қақпашы шықты. Бірақ кейіннен тоқтап қалды. Енді неге «Барыс пен құрамада өскемендік қақпашылар неге көбеймейді? Қазір жас қақпашыларымыздың бірі алдымен ҚХЛ-да кейін ҰХЛ-да өзің көрсетуге шамасы жетеді деп санаймын. Барлығы өз қолында.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ