logo
9 ноября 2023
Аристарх Киреев: «Тартыс ойын соңына дейін сақталды»

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аристарх Киреев Ресей U16 құрамасына қарсы өткен матчқа қатысты пікір білдірді. Форфард овертаймдағы жеңіс голының авторы атанды.

- Командалар тең ойнадық, жылдамдық жоғары болды, біздің лигада жылдамдық төмендеу сәл. Ойын ұнады, жылдам, екпінді, тартыс ойын соңына дейін сақталды.
- Қалыпқа келіп үлгердіңіз бе? Кешегі ойын кешкілік, бүгінгі ойын таңмен өтті.
- Біз матчтан кейін келіп, кешкі ас ішіп алып, дереу ұйқыға кеттік. Ешқайда шыққан жоқпыз, тіпті ойын бойынша жиналыс та жасамадық. Бапкерлер ұйықтаңдар деді.
- Қарсыласты қалай талқыладыңыздар?
- Біздің өз міндеттеріміз бар, ол – әлем чемпионатына дайындық. Біз өз ойынымызды ойнап, әлдекімніі ығына жығылмаймыз. Нақты міндеттер бар, соларды шыңдаймыз.
- Овертаймда қандай сезімде болдыңыздар? Қарсылас тықсырып, ұтымды сәттер туғызғаны байқалды.
- Шайба олардың бақылауында болды, біз шайбаны алып қойғаннан кейін дереу шабуылға жүгірді. Мұндай гол, командаластар, әрине, көмектесті. Оларсыз сала алмас едім.


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ