logo
19 декабря 2023
Александр Ким: «Мықты құрам, команда жұдырықтай жұмылды»
Жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы жеңіске жете алмады. Әйтсе де, командамыз алтын медаль иегері атанып қойған болатын. Осы ойында дубль жасаған шабуылшы Александр Ким матчтың үздік ойыншысы атанды. ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында ол турнирден алған әсерімен бөлісті:
- Александр, соңғы матчты матчтан кейінгі буллиттер сериясында аяқтадыңыздар, жеңіске жетуге не жетіспеді?
- Білмеймін, бірінші кезең шығар, жігер болмады, қорғаныс болмады, бәлкім кейбір тұстарымызды жақсарту қажет шығар. Қайткенде де жақсы ойнадық, тек соңына жетпедік.
- Сендер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да чемпион атандыңыздар, құпиясы неде?
- Рақмет, әрине, команда мықты болды. 2004-2005 жылғылар, мықты құрам жиналды деп ойлаймын, команда жұдырықтай жұмылды. Құпия осыда.
- Ештеңені шешпейтін матчқа қалай дайындалдың?
- Мұндай деңгейде маңызды емес матч жоқ. Трибунада өздерін жақсы жағынан көрсеткісі келетін скауттар отыр, десе де құрама үшін кез келген матчты жеңу қажет.
- Турнирдің қорытындысы қалай?
- Барлығы жақсы өтті, алтынның аты алтын. Элиталық дивизионға шықтық. Жанкүйерлерге рақмет, трибунадан қолдаулары жетті, алғыс айтамыз. Мама, мен сені жақсы көремін!

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ