logo
17 декабря 2021
​Александр Истомин: «Барлығы жауапкершілік деңгейін жақсы түсінді»

Қазақстан құрамасы Беларуське қарсы матча 4:2 есебімен жеңіліске ұшырады.

Командамыздың бас бапкері Александр Истомин ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында ойынды қорытындылады.

- Жігіттер жеңілгеніне қарамастан, жарады. Соңына дейін барын салды, бәлкім ойлағандай болмаған шығар. Өкінішке орай, дәл осындай деңгейдегі ойындардағы тәжірибе жетіспей жатады. Қайткенде де әрі қарай жылжимыз, мұндай ойын қалай қарай бет алуымыз керектігін, неге ұмтылуымыз қажет екенін көрсетеді. Әрі қарай еңбектеніп, алға жылжимыз. Ойынға дайындалмады деген сөз болмасын, барлығы дайындалды, барлығы бұл ойынның жауаптылығын жақсы түсінді. Кей жерлерде үлгермей жатты, қателіктер болды, сәйкесінше Беларусь құрамасы үстем болды. Қайткенде де жігіттер қолдан келгенше ойнады. Кейбіреулері бұдан да жақсы ойнай алар еді, бірақ қазір атын атап, түсін түстегім келмейді.

- Қалыпқа келуге уақыттың аз болуы ықпал етті ме?

- Бұл да, басқа да себеп болуы мүмкін. Бұл біз бетке ұстайтын, бағыт алатын хоккей. Сондықтан бұл жігіттер үшін тәжірибе. Командадағы жігіттер жас, 6 адам 2004 жылғы, 2003 жылғы ойыншылар бар. Келесі чемпионатқа қатысатындар үшін бұл – баға жетпес тәжірибе.

- Чемпионаттың соңғы матчы Латвияға қарсы...

- Дайындалып жатырмыз, ойындары жақсы, жақсы қарсылас, лайықты қарсыластан жеңілу – ұят емес.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ