logo
13 декабря 2022
Александр Истомин: «Бастысы, жігіттер күш-жігерлерін жиып алды»

Жастар әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне Қазақстан құрамасы Венгрияға қарсы матчта қол жеткізді. Біздің хоккейшілер ойын барысында екі шайба артта қалып келе жатып, үшінші кезеңде камбэк жасады. Кездесуді ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында бас бапкер Александр Истомин қорытындылады.

- Ұзақ созбайын, барлық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Ең бастысы, алтыншы кезеңде болсын, алғашқы голымызды салдық. Бастысы, жігіттер күш-жігерлерін жиып алды, ойынның барысын бұрып жіберді. Иә, біз уыстан шығарып алып, қарсылас оны пайдаланып кеткен тұстар болды. Әрі қарай дайындаламыз, ертең демалып, дайын боламыз.

- Неліктен құрамға Юргис Дубинскас пен Али Алибек енген жоқ? Көпшілік сұрап жатыр.

- Юргис ауырып қалды. Құрамға енген-енбеген ойыншыларға қатысты қаңқу әңгімелерге жол бермеу үшін бірден айтайын. Менің ойым, бұл командада мықты ойыншылар жиналған. Пікірлер әртүрлі, әркімнің өз мықты ойыншысы бар. Юргис ауырып қалды, ауырып тұрған қақпашыны апарудың қисыны жоқ. Әлібек пойызда арқа жарақатын алды, толықтай қалпына келген жоқ. Дені сау хоккейшілер тұрғанда, жарақат алған адамды апару дұрыс емес.

- Екінші үзілісте жігіттерді қалай жігерлендірдіңіз?

- Жігіттер барлығын, жауапкершілік деңгейін де жақсы түсінеді, ойын жүрмей жатқанын да сезді. Кеше де жүзеге аспаған сәттер өте көп болды. Бүгін де ойын жүрмеді. Аса қатты жігерлендірудің қажеті жоқ, барлығы мұнда не үшін жүргенімізді жақсы түсінеді.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ