Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының матчында Данияны жеңді.
Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының матчында Данияны жеңді. Біздің команданың бас бапкері Александр Истомин бұл ойынды ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында қорытындылады.
- Біз үшін бұл жеңістің маңызы үлкен. Жеңіс құтты болсын, жарайсыңдар, Норвегиядан кейін белді бекем будық. Шегінерге жол жоқ. Ойынды жақсы, белсенді бастадық, жігіттер жарап, екі гол салды. Гол салу оңай болмағанымен, жігіттер жарады. 2:0 есебімен алда келе жатты, алайда мұның өзі ешқандай кепіл бермеген еді. Кейін біздің командамызға қатысты түбегейлі негізсіз бес минуттық аластату болды. Бұл мәселе әлі қаралады, ертең төрешілер корпусы шешім шығарады. Ал жігіттер бір гол өткізгеніне қарамастан, төтеп берді. Бізге қажет үшінші голды салып, ойын жеңіспен аяқтады. Ертеңге дайындаламыз, демалып, дайындалуымыз керек.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ