logo
7 февраля 2023
Александр Истомин: «Бұл жігіттер үшін тиімді тәжірибе болмақ»

9 және 11 ақпан аралығында Минскіде «Болашақтың кубогі» халықаралық турнирі өтеді. Оған Қазақстан жастар құрамасы қатысады. Біздің жігіттерге қарсы Беларусь жастар командасы, сондай-ақ Ресейдің 17 және 18 жасқа дейінгі жасөспірім командалары ойнайды. Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Александр Истомин ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы біріншіліктен не күтетінімен бөлісті:

- Егер құрам бойынша айтар болсақ, көптеген клубтардан, атап айтқанда Қазақстанның Жастар Лигасынан (Jas Ligasy) жігіттер барады. Әрине, деңгейді көру қызықты. Мен лигамызға қатысты осыған дейінгі баспасөз мәжілістерінде айтып жүрмін. Олар жас, Қазақстанда әзірге аса көп мектеп жоқ, ойыншылар жетіспейді. Бірақ қайткенде де мұндай Лиганың болғаны, жігіттердің өсіп-өнетін тұсы бары өте жақсы. Минскідегі сияқты турнирлер құрама үшін, олар өз деңгейін байқап, мықты командалармен, мықты қарсыласпен ойнап, өсуі үшін өте қажет. Бұл жігіттер үшін тиімді тәжірибе болмақ.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ