Қазақстан құрамасының шабуылшысы Александр Борисевич астаналық «Барыстан» қарағандылық «Сарыарқаға» өтті. Қарағандының тәрбиеленушісі «Барыс» құрамында 2022 жылы дебют жасады. Жалпы алғанда, ҚХЛ-да ол 54 матч өткізіп, 11 (3+8) балл жинады. Сондай-ақ өткен маусымда форвард «Номадқа» Құрлықтық кубок пен Pro Hokei Ligasy-ның күміс марапаттарын жеңп алуға көмектесті. Бұған дейін ЖХЛ-да да, Pro Ligasy-нда да 2017 және 2022 жылдар аралығында өнер көрсеткен қарағандылық клуб көшбасшыларының бірі болды. Өзі туып-өскен клуб құрамында Петров кубогі мен Қазақстанның екі дүркін чемпиондығын иеленді. Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамалары үшін ойнады, IIHF ұйымдастыруымен Братиславада өткен олимпиадаалды біліктілік турниріндегі ресми матчтарда дебют жасады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ