2–5 ақпан аралығында Астанада Eurasia Jastar Cup халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді. Кубок үшін Ресейдің U16, Беларусь U18 және Қазақстанның U18 жасөспірімдер құрамалары тартысқа түседі. Сонымен қатар жарысқа Ресейдің қыздар құрамасы да қатысады. Командалар бұған дейін қараша айында Минск қаласында өткен Президенттік спорт клубы кубогі аясында кездескен болатын. Сондай-ақ Eurasia Jastar Cup аясында 3х3 форматындағы турнир де ұйымдастырылады.
Турнирдің ашылу салтанаты және салтанатты шайба тастау рәсімі 2 ақпанда Қазақстан U18 – Беларусь U18 матчының алдында өтеді.
Барлық матчтар «Барыс Арена» Б блогында өтеді, кіру тегін.
Турнирге аккредитациядан өту үшін сілтеме арқылы форманы толтырыңыз – https://icehockey.kz/ru/akkreditaciya/. Өтінімдер 30 қаңтар, сағат 14:00-ге дейін қабылданады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ