ҚР Президенті кубогінің бірінші ойынында Қазақстан құрамасы тольяттилік «Ладамен» кездесті. Есепті қарсылас ашты, Роман Старченко бір минутқа жетпей есеп теңестірді, алайда екінші кезеңнің соңына дейін Қазақстан қақпасына тағы 4 шайба салынды. «Лада» - Қазақстан құрамасы (3:1, 2:0, 3:0) 1:0 - 03:33 - Сафин ГМ 1:1 - 04:08 - Старченко (Бекетаев, Муратов) ГБ 2:1 - 05:16 - Неколенко (Ожгихин, Кугрышев) 3:1 - 15:32 - Владимиров (Сафин, Джозефс) 4:1 – 25:41 – Коромыслов (Кугрышев, Неколенко) 5:1 – 37:45 – Михайлов (Червоненко, Коромыслов) ГБ 6:1 – 41:25 – Семенов (Сафин, Джозефс) 7:1 – 45:30 – Грошев (Михайлов) Қақпашылар: Трушков (Третьяк, 40:00-41:25) – Бояркин (Павленко, 46:10-60:00) Президент кубогінің келесі матчын Қазақстан құрамасы күні ертең «Барысқа» қарсы өткізеді, кездесу Астана уақытымен 19:30-да басталады.
ҚР Президенті кубогінің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы «Лададан» ойсырай жеңілді. ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен матчқа қатысты қорғаушы Әділ Бекетаев пікір білдірді.
- Бірінші матч оңбады. Үш микроциклдан кейінгі алғашқы жолдастық матч, оның үстіне құрама күні кеше жиналды. Ойын бойынша біз тым нашар болған жоқпыз. Қарсылас өз сәттерін ұтымды пайдаланды, ал біз керісінше, бар мүмкіндікті пайдалана алмадық.
- Ойыншылар бірге ойнап төселмеді ме?
- Бір-бірімізді жақсы білеміз, бала кезден бірге ойнаймыз, бір-бірімізге үйреніспегенбіз демес едім. Тек бірінші матч осылай болып қалды, оң тұстар да бар, тек негативке мән бермей, әрі қарай дайындалу қажет. Мұның барлығы олимпиадалық біліктілікке дейінгі матчтар. Бастысы, сонда ұятқа қалмау керек.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ