logo
11 ноября 2023
Абзал Әлібек – ПСК кубогінің үздік шабуылшысы

Минскіде Президенттік спорт клубының кубогі турнирі аяқталды. Ұйымдастырушылар турнирдің үздік ойыншыларын атады. Үздік шабуылшы деп Қазақстан жасөспірімдер құрамасының капитаны Абзал Әлібек танылды. Форвард бір шайба салып, екі матчта нәтижелі пас берді.

Үздік қақпашы Антон Круповец (Беларусь U18), үздік бомбардир - Олег Хомченко (Беларусь U18), сондай-ақ қорғаушы Ресей U16 командасынан Никита Федотов болды.

Еске сала кетейік, өткен Президенттік спорт клубының кубогінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы күміс медаль иемденді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ