logo
5 апреля 2024
1XBET HOKEI MEIRAMY 2024. Турнир форматы

Қазақстан бұл турнирді ұзақ күтті!

27 сәуірге жоспарланған ғаламат хоккей мерекесі туралы құпияны ашатын кез келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның хоккей федерациясы QHL-дың бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге ел тарихында алғаш рет «1XBET HOKEI MEIRAMY 2024» ғаламат фестивалі өтетінін жария еткен болатын.

Хоккей мерекесі «Барыс-Аренада» өтеді және «1XBET HOKEI MEIRAMY 2024» фестиваліндегі басты оқиға 3х3 форматындағы турнир болмақ. Оған қазақстандық хоккейдің беткеұстарлары, ҚХЛ мен Pro Hokei Ligasy-ның қазіргі ойыншылары, жұлдыздар мен басқа да танымал жандар қатыспақ.

Жанкүйерлер алдағы жарыстан не күтеді?

Турнирге келесі төрт команда қатысады: «Легенды», «PRO», «Молодые Звёзды» және «Қазақстан» құрамасы.

Командалар құрамы мен бапкерлер штабтарын жақын күндерде жариялаймыз, сондай-ақ қатысушылардың тамаша киім үлгісімен таныстырамыз.

Турнир аясында төрт кездесу: жартылай финалдар, үшінші орынды анықтайтын матч пен финал өтеді. Матчтардың форматы: 10 минуттық жалпы уақыттан екі кезең. Ойындар 3-ке 3 хоккейінің ережелері бойынша өтеді.

Матчтардың үзілістері кезінде көрермендер үшін рэп-орындаушы V $ X V PRiNCE (Асха Принц) пен басқа да іс-шара қонақтарының қатысуымен концерттік бағдарлама жоспарланған.

Қазақстандағы алғашқы хоккей мейрамына куә болуға асығыңыздар! Қызықтың бәрі алда!

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ