logo
23 мая 2021
​«Барлық қазақстандықтарды жеңіспен құттықтаймыз!» - Кирилл Панюков пен Никита Михайлис Финляндияны жеңгеннен кейін

Қазақстан – Финляндия матчының негізгі уақытында біздің хоккейшілер бір ғана шайба салып, екінші кезеңде есеп теңестірді. Оны Кирилл Панюков салып, Никита Михайлис нәтижелі пас берді. Қос хоккейші де матчтың қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясына қатысты.

Кирилл Панюковтің бұл әлем чемпионатындағы алғашқы голы. Форвард өз әсерімен бөлісті:

- Жақсы ойын болды, дайындалдық. Өз күшімізге сендік, бапкерлер штабы қалай ойнау керектігін айтып отырды. Белгіленген ойын өрнегін орындадық және мұнымыз жеңіске жеткізді. Барлық қазақстандықтарды жеңіспен құттықтаймын. Көңіл күй тамаша.

- Кирилл, өзіңнің алғашқы шайбаң туралы айтып берсең?

- Никита тамаша пас берді, ұтымды сәт туды. Осылай болғанына қуаныштымын. Бір көпшілік құрам – бір гол, Никитаға көп рақмет.

- Бұл жеңісті мансабыңдағы ең жарқын жеңіс деуге бола ма?

- Әрине, алайда турнир жалғасуда, сондықтан алдағы уақытта осындай жеңістеріміз көп болуы үшін еңбектенуіміз керек. Барымызды салып, оған да жетеміз. Бастысы – сенім.

- Сен үшін бұл алғашқы әлем чемпионаты, ерекше эмоция сыйлайтын болар?

- Әрине, әрбіріміз жақсы ойын көрсеткіміз келеді және бізді оған дайындайды. Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен үздік ойыншылар келді, барлығының мақсаты біреу – жеңу. Әрбір ойынға дайындаламыз. Бапкерлердің көрсеткенін орындап, ұтымды сәттерді уыстан шығармау керек.

- Үшінші кезеңге шыққанда матчта жеңуге болады деген сенімділік болды ма?

- Әрине, әрбір ауысым сайын қорғаныста отырмай, шабуылда ойнауға, қарсыласты тықсыруға тырыстық. Менде бір сәт болды, алайда гол салынбады, әйтпесе негізгі уақытта жеңуге болатын еді. Жалпы, жеңгенімізге қуаныштымыз.

Никита Михайлис те әдемі соққы жасап, матчтан кейінгі буллиттерде гол салды. Шабуылшы да қақпашы Никита Бояркиннің ойынын атап өтті.

- Бүгін ол керемет ойнады. Қаншама соққыға тойтарыс берді, екі рет тіпті бізді құтқарды. Тіпті бізге салып жатқанда. Бізге тек шайқасты жалғастырып, жеңіске жеткізу қалды. Бүгін ол ерледі. Ішкі құлшыныс мықты болды, бүкіл команда ел үшін шайқасты. Әрбір ойыншыға, бізге сенген әрбір жанкүйерге рақмет. Ойыннан керемет ләззат алдық.

- Финляндияға қарсы матчтағы жеңісті Қазақстанның ең үлкен жеңісі деп атауға бола ма?

- Ең үлкен жеңістеріміз әлі алда деп ойлаймын. Мұндай командаларды жеңу қашан да қуаныш қой. Баршаны жеңіспен құттықтаймын. Әрі қарай тартысамыз. Бәрі алда.

- Әлем чемпионына қарсы ойнап жатқандарыңыз ойда болды ма?

- Шын мәнінде, біз тек өз ойынымызды ойладық. Өз өрнегіміз болды. Әрбір ауысым сайын қарқынды арттыруға тырыстық, бәрі қолдан келмеді, алайда қорғаныс мықты болды, қақпашы мықты ойнады, оның үстіне бапкерлер штабының көмегі септігін тигізді. Меніңше, бізде бәрі жақсы болады. Бастысы, берілген тапсырманы орындау, бар күшіңді салу, сол кезде нәтиже де болады.

- Матчтағы алғашқы шайбаға қатысты сұрақ, неліктен пасты Кирилл Панюковқа бердіңіз? Бұл қарсыласты алдау ма?

- Жоқ, жағдай солай болды. Көзім жеткен жаққа жібердім. Олар аз құраммен жақсы ойнап жатты, шепті бұзып-өту қолдан келді, Кирилл қабылдауға дайын тұрды. Сондықтан беру ғана қалды. Шын мәнінде, бұл жаттығуларден келе жатқан, тек ауысу кезінде жеңіл-желпі келісім болды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ