«Торпедо» Құрлықтық кубокте өнер көрсетеді, «Арлан» ИИХФ шешімімен аластатылды

Өткен маусымда Континенттік Кубоктің финалдық кезеңіне қатысудан «Арлан» клубының бас тартуына байланысты Халықаралық хоккей федерациясы көкшетаулық клубты турнирден шеттету туралы шешім қабылдады. Келесі маусымда бұл трофей үшін Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған Өскеменнің «Торпедо» командасы күресетін болады.
Турнир жаңа форматта өтеді, бұл жолы «Торпедо» алты командамен бірге екінші кезең –жартылай финалдан бастайды. Осы кезеңде Польшаның «Катовице» клубы, Ұлыбританияның «Ноттингем Пантерс» командасы, өткен маусымның күміс жүлдегері Данияның «Хернинг Блю Фокс» және 2023 жылғы финалист – Францияның «Дюк д’Анже» командалары да өнер көрсетеді. Қалған 8 команда іріктеу кезеңінің бірінші раундынан бастап ойнайды. Екі іріктеу тобындағы жеңімпаздар қараша айында өтетін жартылай финалға жолдама алады. Континенттік Кубоктің финалы 2026 жылдың 15–18 қаңтары аралығында өтеді, оған төрт команда қатысады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ