logo
12 мая 2021
​«QAZSPORT» Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарын тікелей эфирден көрсетеді

13 және 15 мамыр күндері Қазақстан құрамасы Беларусь командасына қарсы жолдастық матчтар өткізеді.

Қос кездесуді де тікелей эфирден «QAZSPORT» телеарнасы көрсетеді. Көрсетілім Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:55-те басталады. Біздің ұлттық команда Ригаға 10 мамыр жетті және 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Латвия астанасында өтетін 2021 жылғы Әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ