16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 19 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарына дайындық аясында жаттығуларға кірісті. Біздің хоккейшілер 3х3 турниріне қатысады, бұл форматта командалар турнирде алғаш рет ойнағалы отыр.
3х3 жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Рамазан Қайдаров дайындық пен құрамның жасақталуы туралы Sports.kz-ке сұхбатында айтып берді:
- Біз жиналдық, құрам белгілі, звенолар бойынша бөлеміз. Звенода екі шабуылшы, бір қорғаушы бар, олар бір-бірімен ойнаған, түсінік бар, қазір төселіп жатырмыз, мұндай форматқа бейімделіп, шағын алаңда 3х3 жаттығуларын өткізуге тырысып жатырмыз. Жігіттерді дайындап жатырмыз.
- Демек, олар сіз бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан «Барыс» балалар мектебінің шәкірттері ғой?
- «Барыс-2008» құрамында олармен төртінші жыл жұмыс жасап келе жатырмын. Иә, оларды бұрыннан білемін, бірге чемпион болғанбыз. Үздіктері осында, біз бұл турнир болатынын білдік және екі айдан астам уақыт бойы команданы беске бес ойындарға да, осы форматтағы ойындарға да дайындадық. Жалпы дене дайындығымен екінші бапкермен айналысып келеміз. Жоспар бар, хоккейшілерді сатылы түрде дайындап келеміз, олар барған сайын мықтырақ, жылдамырақ бола түсуде.
- Қазақстан мұндай форматта алғаш рет қатысқалы отыр, не күтесіз?
- Біз, әрине жігіттермен сөйлесеміз, олар Қазақстанның намысын қорғайтынымызды түсінеді. Жігерлі. Барлығын жөнді қабылдайды, шағымданбайды, барлық жұмысты орындайды.
- Жасөспірімдер ойындарындағы қарсыластар туралы не айтасыз?
- 2002 жылғы тәрбиеленушілерімізбен біз түрлі қарсыласпен ойнадық, Австриядан да, Латвиядан қарсыластар болды, қиындық болған жоқ. Сол кезде біз оларды төселдірдік, дәл сол дәстүрді 2008 жылғылармен де жалғастырамыз. Көреміз, барлығы өз қолымызда, алаңға шығамыз, жастары бірдей, кім мықты – сол жеңеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ