logo
14 декабря 2023
Ғалым Мәмбеталиев: «Ұтымды сәттер туғыздық, алайда сала алмадық»
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Бірінші арна кубогіндегі Беларуське қарсы матчты талқылады:
- Бірінші кезеңде ойынға кірісе алмадық, қажетсіз голдар өткізіп алдық, қақпашыны ауыстыруға тура келді. Екінші кезеңде ойынды теңелттік, алайда үшінші кезеңде тағы да өткізіп алдық, қателер бар, түзетеміз. Қозғалыс жаман болған жоқ. Өз сәттерімізді жүзеге асыра алмадық, ұтымды сәттер туғыздық, алайда сала алмадық. 3-4 гол салуымыз қажет еді.
- Турнир алдында «Барыс» бапкерді ауыстыратынын жария етті. Сіз бұған қаншалықты дайын болдыңыз? Бұл жөнінде білдіңіз бе?
- Мен үшін күтпеген жайт болды. Мен онсыз да міндетін атқарушы едім ғой, уақыты келді – ауыстырды. Онда тұрған ештеңе жоқ.
- Бұл құрама ойынымен барынша жұмыстануға қаншалықты мүмкіндік береді?
- Барлық ойыншылар түгелдей дерлік «Барыста», клуб жүйесінде ойнайды. Оларды дайындау қажет, олар қалай дайындалса, құрама да сондай болады.
- Команданың осы Бірінші арна кубогіндегі мақсаты қандай?
- Мақсат – бұрын құрамада ойнамағандарды төселтіп алу, қазір ондай жігіттер көп, болашаққа оларды қарап-тексеру. Хоккейшілердің көпшілігінің жасы келді, буын ауысып отыруы қажет.
- Неліктен Старченконы, Шестаковты, Савицкий мен жасы үлкен басқаларды алмадыңыз?
- Бұған дейін айтқанымдай, біз фарм-клубта ойнайтын жастарды байқап-көрейік дедік және олар бүгін өздерін жақсы көрсетті. Сондықтан жасы үлкендерді қалдырдық.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры



БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ