logo

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

«Қазақстанның хоккей федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі (қаз. QAZAQSTAN HOKEI FEDERASIASY, қысқ. QHF) – Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті тарапынан танылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының аумағында «шайбалы хоккей» спорт түрін толық көлемде басқаратын жалғыз ұйым ретінде аккредитациялаған ұйым.

Қазақстанның хоккей федерациясы Қазақстан Республикасында хоккей спортын дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды хоккейге, дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде қатысуға жаппай тарту мақсатында құрылған. Қазақстанның хоккей федерациясы (QHF) Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) мүшесі болып табылады және халықаралық аренада қазақстандық хоккейдің мүддесін білдіреді.

Федерация Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын барлық деңгейдегі шайбалы хоккей бойынша халықаралық жарыстарға дайындау және қатыстыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. Өткізілетін халықаралық жарыстарға Қазақстанның ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары, жастар, жасөспірімдер және студенттік құрама командалары қатысады.

QHF Қазақстан Республикасының аумағында Чемпионаттар, Біріншіліктер, Кубоктік жарыстар және басқа да ресми республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.