IA дивизионындағы әлем чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесті. Маусымда қарсыластар екі рет кездесті – өткен жылғы қарашадағы Азия чемпионатында және Азия ойындарында, қос турнир де Қытайда өтті және екеуінде де біздің хоккейшілер басым түсті.
Есепті алғашқы болып қарсыластар ашты, алайда Юлия Буторина екі минуттан кейін есеп теңестірді. Екінші кезеңде біздің қыздарды Мунира Саяхатқызы алға шығарды. Үшінші кезеңнің басында Корея хоккейшілері есеп теңестірді, Надежда Филимонова қазақстандықтарды алға шығарды, ал ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда Анна Пяткова құрамамыздың үстемдігін арттырды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ