logo
8 ноября 2025
ӘАЧ-2026. Қазақстан құрамасы Кореяны жеңді
Өскеменде өткен Азия әйелдер чемпионатының соңғы матчында Қазақстан қыздар құрамасы Корея командасымен кездесті. Бұл ойын турнирдің қола жүлдегерін анықтады. Ойынның алғашқы минутында есепті біздің қыздар ашты, бірақ қарсылас көп ұзамай есепті теңестірді. Бірінші кезең аяқталуға таяғанда қазақстандық хоккейші қыздар қайта алға шықты. Екінші кезеңде шайба соғылмады. Үшінші кезеңде командалар артық құрам ұйымдастыра алмады, ал соңғы минутта қарсылас алтыншы ойыншыны шығарып, София Зубкова матчқа нүкте қойды — 3:1! Корея – Қазақстан 1:3 (1:2, 0:0, 0:1) 0:1 – 00:52 – Әшімова (Алдабергенова) 1:1 – 02:24 – Парк Джийон (Ан Севон) 1:2 – 13:12 – Оразбаева (Молдабай) ГБ 1:3 - 59:49 - Зубкова ПВ Қақпашылар: Ан Севон – Щеколова БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ