logo
16 марта 2026
Виктор Быстрянцев 55 жаста!
Бүгін – «Торпедо» ХК бас директоры, халықаралық санаттағы спорт шебері, танымал қазақстандық хоккейші және басшы Виктор Николаевич Быстрянцевтің туған күні. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Павлович Тарховтың шәкірті Виктор Николаевич қорғаушы ретінде жарқын мансап жолын жүріп өтті. Ол «Торпедо», «Сибирь», сондай-ақ Германияның «ЕС Вейсвассер» және «Лаузитцер Фюхсе» клубтарында өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ол алты әлем чемпионатына қатысып, халықаралық аренада отандық хоккейді лайықты деңгейде таныстырды. Ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін Виктор Николаевич жаттықтырушылық және басқарушылық қызметте өзін табысты көрсете білді. Әр жылдары ол «Қазмырыш-Торпедо» хоккей клубында және Қазақстан ұлттық құрамасында жаттықтырушы әрі аға жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Өскемен клубының аға жаттықтырушысы ретінде бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан Кубогінің иегері болды. Кейін клуб жүйесінде басшылық қызметтер атқарып, 2022 жылдан бастап «Торпедо» хоккей клубының бас директоры қызметін атқарып келеді. Виктор Николаевичке зор денсаулық, амандық, жаңа кәсіби жетістіктер, жарқын жеңістер және қазақстандық хоккейдің одан әрі дамуына үлес қоса беруін тілейміз! БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ