Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есенәлин 49 жасқа толды. Руслан Бақытұлы Солтүстік Қазақстанда дүниеге келді. Әр жылдарда СҚО БЖСМ-да бокс және кикбоксинг бойынша оқытушы-бапкер ретінде қызмет етті. Сонымен қатар СҚО Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында кикбоксингтен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы болды. 2008 жылы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды, төрт жылдан кейін басқарманың басшысы атанды. 2020 және 2024 жылдары «Құлагер» хоккей клубының басшысы қызметін атқарды.
Қазақстанның хоккей федерациясы Руслан Бақытұлын туған күнімен құттықтайды! Спорттың елімізде дамуына толағай табыс тілейміз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ