logo
​Неміс машинасын тоқтаттық. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Әлем чемпионатындағы төртінші матчында Қазақстан құрамасы В тобындағы кесте көшін бастаған Германиямен кездесті. Бір ойынды өткізіп алған Виктор Сведберг бүгін құрамға қосылды, сондай-ақ Артем Лихотниковтің дебюті болды. Бапкерлер штабы тағы да шабуылшылар үштігін өзгертіп, бірінші құрамда Акользин – Сагадеев – Шевченко шықты.

Бірінші кезеңде гол салынбады, бастапқы жиырма минуттың соңына қарай қос команда да көпшілік құраммен ойнады. Екінші құрамда Александр Шин дөп соққымен қарсыластың қақпасына шайба аттандырды, Қазақстан турнирде алғаш рет есеп бойынша алда келе жатты! Германия хоккейшілері шабуылды үдетіп, араға үш-ақ минут салып, есеп теңестірді, голды Том Кюнхакль салды. Көп ұзамай, немістерде есеп бойынша алға кетуге мүмкіндік болды, алайда Қазақстан бапкерлер штабының сұрауымен бейнеқайталаудан кейін шайбаның күші жойылды. Әрі қарай Маркус Айзеншмид көпшілік құрам ұйымдастырып, есепті 1:2 етті. Тағы да бейнеқайталау болды, алайда төрешілер бұл голды есепке алды.

Үшінші кезеңде Павел Аккользинге қарсы ереже бұзылуына байланысты Германия қақпасына буллит тағайындалды, оны Роман Старченко сәтті жүзеге асырды – 2:2! Қос команда бір-бірін тықсыруды жалғастырды, ойын қызды және Қазақстан тағы да алға шықты. Алексей Маклюков нәтижелі пас беріп, Павел Акользин өз командасын алға алып шықты және Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады!

3:2 – Қазақстанның негізгі уақыттағы алғашқы жеңісі.

Қазақстан – Германия 3:2 (0:0, 1:2, 2:0)

1:0 – 26:39 - Шин (Степаненко, Шалапов)

1:1 – 29:38 - Кюнхакль (Ридер, Хольцер)

1:2 - 34:07 – Айзеншмид (Лойбл, Сейдер) ГБ

2:2 - 40:31 – Старченко ШБ

3:2 - 55:42 – Акользин (Маклюков)

Бояркин - Нидербергер

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ