Орехов пен Шестаков ҚХЛ клубтарындағы келісімшарттарын ұзартты

Қазақстан құрамасынан ҚХЛ-дағы келісімшартын ұзартқан алғашқы ойыншылардың бірі –Валерий Орехов. Қорғаушы 2026/2027 маусымының соңына дейін екі жылға келісімге қол қойды. Алдағы маусым магнитогорскілік клуб сапында өткізетін төртінші маусым болмақ. Қазақстан ұлттық құрамасы үшін әлем чемпионаттарында Валерий 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және ағымдағы турнир ол үшін жетінші маусым.
Аркадий Шестаков та «Адмиралмен» келісімшартты екі маусымға ұзартты, алдағы маусым оның Владивостоктағы екінші маусымы болмақ. Ұлттық құрама сапындағы өзінің алғашқы әлем чемпионатын шабуылшы 2019 жылы өткізді және биыл алтыншы рет қатысып отыр.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ