logo
10 мая 2025
ӘЧ-2025. Бірінші матчта Норвегияны жеңдік
Хоккейден әлем чемпионатының «Б» тобындағы алғашқы матчын Қазақстан құрамасы Норвегияға қарсы өткізді. Бірінші кезеңде қарсылас есеп ашты, екіншіде Роман Старченко артық құраммен есеп теңестірді. Үшінші кезеңде әлем чемпионатындағы өзінің алғашқы шайбасын Владимир Волков салды. 

Норвегия - Қазақстан 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)

1:0 - 05:33 - Йоханссен (Эльвсвен, Острем Сальстен) 
1:1 - 25:08 - Старченко (Михайлис, Орехов) ГБ
1:2 - 52:08 - Волков (Әсетов, Қайыржан) 
Қақпашылар: Норман - Павленко

Қазақстан құрамасы келесі матчты күні ертең Германия командасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 19:20-да басталады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ