18 апреля 2025
Асанәлі Сәркенов ҰХЛ драфтының финалдық рейтингісінде

ҰХЛ Орталық скаут бюросы ҰХЛ драфтының финалдық рейтингісін жариялады. Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Асанәлі Сәркенов солтүстікамерикалық алаң ойыншыларының тізіміне 217-ші болып енді.
18 жастағы форвард WHL-дағы «Спокан Чифсте» ойнайды. Оның командасы қазір плей-оффтың екінші раундында. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін ол 6 ойын өткізді, Финляндиядағы 2024 жылғы әлем чемпионатында 5 (4+1) балл жинап, команданың үздік бомбардирі атанды және канадалықтардың қақпасына салған хет-тригімен өзіне назар аудартты.
Оттавадағы 2025 жылғы жастар әлем чемпионатында үш матчта ойнап, бір шайба салды.
ҰХЛ драфты 27-28 маусымда Лос-Анджелесте өтеді. Құттықтаймыз және ҰХЛ-да күтеміз!
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ