logo
23 апреля 2025
Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы мен 1XBET Qazaqstan Hockey Open-ге аккредиттеу

1 және 3 мамыр аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» дәстүрлі 1XBET Qazaqstan Hockey Open халықаралық турнирі өтеді. Қазақстан құрамасы Даниядағы әлем чемпионатына дайындық аясында Ресеймен және Беларусьпен матчтар өткізеді.

Ұлттық команда жиындарға кірісті және 28 сәуір күні сағат 17:00-де ашық жаттығу өтеді және журналистер онда бас бапкер мен ойыншыларға сұрақтарын қоя алады.

Ашық жаттығу мен 1XBET Qazaqstan Hockey Open-ге аккредиттелу үшін нысанды сілтеме бойынша толтырыңыз - https://icehockey.kz/ru/akkreditaciya/ . «Соңғы жарияланымдар туралы ақпарат» бағанында сонымен қатар аккредиттеу түрін – тек турнирге, немесе ашық жаттығу мен турнирге екенін көрсетіңіз.

Ашық жаттығуға аккредиттеуге өтінімдер 25 сәуірдің 15:00-іне дейін қабылданады. Турнирге аккредиттеу 29 сәуірдің 17:00-іне дейін ашық.

Ашық жаттығудағы жұмыс жоспары:
16:30 – Баспасөз орталығы жұмысының басталуы
17:00 – Ашық жаттығудың басталуы
17:50 – Құраманың бірінші тобының мұздағы жаттығуының аяқталуы, ойыншылармен және бас бапкермен сөйлесу
18:00 – Екінші топ жаттығуының басталуы
18:50 – Екінші топтың мұздағы жаттығуының аяқталуы, ойыншылармен сөйлесу

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ